Қостанайда магнит жұтып қойған 3 жастағы бала көз жұмды
Бала 10 магнит жұтып қойған.
Қостанай облыстық балалар ауруханасында 10 магнит жұтып қойған 3 жасар бала отадан кейін көз жұмған, деп хабарлады «Алау» басылымы.
Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия қызметінің жетекшісі Игорь Белобржицкий баланың медициналық мекемеге 7 шілдеде жеткізілгенін айтты. Бала Рудный қаласынан «денесіндегі бөгде зат» диагнозымен жіберілген. Бала 10 магнит жұтып қойған. Дәрігердің айтуынша, анасында рентген суреті болған, онда бір-бірімен жабысқан 10 дөңгелек магнит көрініп тұр. Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Біз барлық қажетті анализдерді алдық.
«Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жүргізді. Асқазандағы магниттер көрінді. Наркоз беріліп, 6 магнит алынды. Операция бөлмесінде лапароскопия арқылы құрсақ қуысы тексерілді. Жетінші магнитті де алды», - деді Игорь Белобржицкий.
Дәрігердің айтуынша, қалған үш магнит асқазанда болмаған, олар ішектен тек хирургиялық жолмен алынады.
«Біз анасына операция қажет екенін түсіндірдік. Бала секіріп, ойнап жүрді. 10 шілдеде таңертең операцияға крісітік. Ішектегі магниттер перфорация және перитонит туғызған. Бірақ бізде одан да асқынған перитонит болды, операциядан кейін барлық магниттерді алып тастадық. Шок салдарынан баланың жүрегі тоқтап қалды», - деді дәрігер.
Бала жансақтау бөліміне ауыстырылып, бір сағат бойы реанимациялық шаралар жүргізілген.
«10 шілдеде бала көз жұмды, ол магниттен емес, перитониттен емес, ауыр шоктан болуы мүмкін Бұл – қайғы, біз де уайымдап жатырмыз», - деді Игорь Белобржицкий.
Баланың ата-анасы полицияға хабарласқан.