451
Жаңа ереже бекітілді: Енді жұбайыңыздың келісімінсіз несие ала алмайсыз
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке тұлғаға жұбайының келісімінсіз несие, микроқарыз алу ережелерін бекітті.
Құжат несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту мәселелері жөніндегі заң аясында қабылданды.
Жаңа ережеге сәйкес жұбайының келісімі қажет болатын ең төменгі несие мөлшері 2024 жылы 3 692 000 теңгеге (1 000 АЕК) тең.
Банк немесе микроқаржы ұйымы несие бермес бұрын клиенттің тіркелген некесі бар-жоқтығын тексереді. Некесі бар болған жағдайда несие сомасы белгіленген шектен асып кетсе, клиент жұбайының келісімін алуы тиіс.
Жаңа ереже биыл 1 қыркүйектен бастап енгізіледі.