Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов Болгария клубын жаттықтыруы мүмкін

Ол ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне 2 ай бұрын тағайындалған болатын.

Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов Болгария клубын жаттықтыруы мүмкін
ҚФФ
705

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов болгариялық «Лудогорец» клубының жаттықтырушысы болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Болгария БАҚ-ының мәліметінше, Черчесов қазір Разград қаласында клуб басшыларымен соңғы келіссөздер жүргізіп жатыр. Ол 17 тамызда өтетін ойыннан соң команданың бас бапкері қызметіне тағайындалады деп болжанып отыр.

Еске сала кетейік, Станислав Черчесов екі ай бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне сайланған болатын. Айта кетерлігі, одан кейін Армения (1:2) және Әзербайжан(2:3) командаларына қарсы ойында Руслан Балтиев құрамаға жетекшілік еткен болатын.

Серіктес жаңалықтары