Павел Дуров қазақ балаларын тегін оқытады

Бұл жайында IQanat жобасының идея авторы, негізін қалаушы және бас демеушісі – елімізге белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев мәлімдеді.

Павел Дуров қазақ балаларын тегін оқытады
460

Атақты Павел Дуров ауыл балаларына IQanat мектебіне 356 000 доллар көлемінде 12 грант бөлді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстанға, соның ішінде Бурабайға келген Павел Google Map-те біздің мектепті көріп, қызығушылық танытқан еді. Оның өтінішін бірден қабыл алдық. Сапар барысында ол оқу процесі жайлы егжей-тегжейін сұрай бастады, он мыңдаған ауыл балаларының қай форматы таңдалатынын білгісі келді. Оның қызығушылығы артып, көп сұрақ қойды. Бір кездері ол дарынды балаларға арналған мектепті өзі бітірген екен. Мені таңқалдырғаны, ол мектепте ұзақ уақыт болды және мектептің оқу ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысты. Оқу жылдарында ауылдан келген қарапайым балалардың қаншалықты өзгеретінін білген ол грантқа түсе алмаған бірнеше баланың оқу ақысын төлеп бергісі келетінін айтты», - деп жазды Айдын Рахымбаев.

Оның айтуынша, Павел Дуров өзі ұсынған грантқа лайық ауыл балаларын өзі зерттеп, іріктеуге қатысқан.

«Келесі екі аптада біз онымен белсенді түрде хат жазыстық. Ол үміткерлерді жеке өзі сұрыптап, олардың ұпайларын және одан да басқа қосымша ақпаратты сұраған кезде мен қатты таң қалдым.. Елестетіп көріңізші, 15 миллиард доллардан астам байлығы бар адам, әлемнің 100 елінде халықаралық корпорацияның иесі саналатын тұлға өзі үшін кішкентай болып көрінетін, бірақ маңызды іспен айналысып отыр. Ол балалар туралы көбірек білгеннен кейін гранттар санын 12-ге арттырды!», -  деді жазба авторы.

Айта кетейік, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровта бала күнінде осыған ұқсас дарынды балалар мектебінде білім алған.

Серіктес жаңалықтары