«Қызыл дипломға бітірмекші болды»: БҚО-да 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

«Қызыл дипломға бітірмекші болды»: БҚО-да 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды
istockphoto.com
657

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған. Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Айболат Бөкенов жазды.

Оның айтуынша,оқиға биыл мамыр айында Мәстексай ауылында болған. Анасы мен ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, мектептен шығып, асылып өлген қыздың дерегі бойынша ешкім жазасын алмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалған.

«Қызыл дипломға бітіретін 9 сынып оқушысы емтихан тапсыруға мектепке бара жатып құлап, формасын бүлдіріп алады. Үйіне барып, киімін ауыстырып келгенде мұғалімдері сыныпқа кіргізіп ұрысып тастайды екен. Оқушы сол естіген ұрыстан көңілі құлазып, мектептен шыққаннан кейін асылып өледі. Бірақ ешкім жазасын алмай жабулы қазан жабулы күйде қалды», - дейді ауыл тұрғындары.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілді.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп, тексерілді. Соның қорытындысына сәйкес қылмыс құрамы болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу өндірісі тоқтатылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары