Әнші Жазира Байырбекова Елдос Сметовке қолдау білдірді

Ол Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке арнап, жазба жариялаған.

Әнші Жазира Байырбекова Елдос Сметовке қолдау білдірді
коллаж: turkystan.kz
555

Жазира Байырбекова желі қолданушыларын қитұрқы сөзден аулақ болуға шақырды, деп жазды turkystan.kz.

"Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді. Енді анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты. Әрине, әртүрлі аналар, әртүрлі келіншектер болатыны рас. Бірақ бұл қылықтарыңыз әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелмей ме?! Ешкімді ешкімге қитұрқы сөзбен айдап салмай, жәй ғана түсінісіп өмір сүруге неге тырыспайды біздің қоғам ...", – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, оның бұлай жазуына желі қолданушыларының Елдос Сметовтің анасымен жиі көзге түсуін келеке еткені себеп болған.

Серіктес жаңалықтары