Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президент Елорданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, шаһарды абаттандыру, сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты пысықтау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Aqorda
Автор
Админ
1349

Жеңіс Қасымбек Елорданың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді. 

Қаладағы барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты:

– инвестиция көлемі 632 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артық;

– өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім, көлік және логистика салаларындағы жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. 

Мектеп, қолжетімді баспана, медициналық орталықтар құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру мәселелері жөнінде баяндады:

– биыл 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 студенттік жатақхана салынады;

 – елордада 170 аула мен қоғамдық орын, атап айтқанда саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар абаттандырылып, 70-ке жуық көше жөнделеді. 

Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтты:

– 16 мыңнан астам үлескер-отбасының 15,5 мыңы баспаналы болған. Қалған үлескерлер пәтерлеріне осы жылдың соңына дейін қоныстанады.

Жылыту маусымына дайындық жөнінде баяндады:

– биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегін, «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегін, сондай-ақ 3-ші ЖЭО-ның көмірмен жұмыс істейтін бөлігін іске қосу жоспарланып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары