1996-2020 жылдардағы Олимпиада тарихы: Қазақстан құрамасы не ұтты?
Тәуелсіздік алғалы бері жазғы Олимпиада ойындарына неше рет қатыстық? Не ұттық? Ал бізбен қатар келе жатқан әрі көрші, әрі бауырлас екі ел: Өзбекстан мен Қырғызстанның жетістігі қандай? Әр Олимпиадаға аталған елдерден қанша спортшы қатысты? Шолу жасап көрген едік.
Қазақстан да, Өзбекстан да, Қырғызстан да тәуелсіз ел ретінде жазғы Олимпиада ойындарына 1996 жылдан бастап қатысып келеді. Оған дейін ел спортшылары КСРО командасының құрамында өнер көрсететін.
Тәуелсіз Қырғызстан 1996 – 2020 жылдар аралығындағы 7 жазғы Олимпиадада бар-жоғы 7 медаль олжалаған: 3 күміс, 4 қола. 2000 жылы Сиднейге ең көбі 48 спортшы апарса, биыл 16 спортшы апарып, 2 күміс, 4 қола медальды жеңіп алды.
Ал Өзбекстан өткен 7 Олимпиадада жалпы саны 36 медаль ұтыпты. Оның ішінде: 10 алтын, 7 күміс, 19 қола. Бұлай болуы заңды да шығар. Себебі ешқашан Олимпиадаға жетпістен көп спортшы апармаған. Тек биыл ғана 86 спортшы апарып рекорд орнатса, 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алып, тағы рекорд орнатты.
Үш елдің ішінде әр Олимпиадаға көп спортшы апарған – біздің ел. Олимпиадағы барған Қазақстан құрамасындағы спортшылар саны ешқашан тоқсаннан кем түспеген. 2000 жылы 130, 2008 жылы 132 спортшы барған. Биыл ғана 80 спортшы жіберіппіз. Бұл – біздің жазғы Олимпиада тарихындағы ең төмен көрсеткіш.
Олимпиада тарихында біздің спортшыларымыз жалпы саны 74 медаль олжалаған. Оның 15-і алтын, 22-сі күміс, 37-сі қола.
Еліміз үшін ең сәтті жыл – 2016 жылғы Олимпиада болған. Спортшыларымыз 18 медальды қанжығаға байлаған! Ал ең сәтсіз жыл – 2020 жыл болды. Небары 8 қоланы қанағат тұттық.
Тізім төмендегідей:
1996 жылы: 3 алтын, 4 күміс, 4 қола;
2000 жылы: 3 алтын, 4 күміс;
2004 жылы: 1 алтын, 4 күміс, 3 қола;
2008 жылы: 2 алтын, 4 күміс, 7 қола;
2012 жылы: 3 алтын, 1 күміс, 5 қола;
2016 жылы: 3 алтын, 5 күміс, 10 қола;
2020 жылы: 8 қола.
Ал биылғы дүбірлі додада спортшыларымыз 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншіледі.