Tomiris жобасының іріктеу кезеңі аяқталды

1-10 шілде аралығында барлығы 154 өтінім келіп түскен.

Tomiris жобасының іріктеу кезеңі аяқталды
сурет: amanatpartiasy.kz
Автор
Админ
451

Көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris білім беру жобасының іріктеу кезеңі аяқталды.

1-10 шілде аралығында барлығы 154 өтінім келіп түскен. Олар­дың ішінде 125 өтінім конкурс талабына толықтай сай келген.

Конкурстық комиссия іріктеуді кезең-кезеңімен өткізіп, бағалау жүргізді. Іріктеудің бірінші кезеңінде 125 адамның түйін­демесі мен бейнепрезентациясына баға берілді. Нәти­жесінде, финалдық кезең – сұхбаттасуға 88 адам өтті.

Екінші кезеңде конкурстық комиссия финалистермен сұхбат өткізіп, конкурс шешімі қорытынды интегралдық баға­лау­ды (бейнепрезентация және сұхбат) саралау негізінде қа­был­данады. Оқу 12 қыркүйек күні басталады.
Tomiris бағдарламасын Президент жанындағы Әйелдер іс­тері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссиясы «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент ака­демиясының қолдауымен өткізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары