Қазақ сурет өнерінің көрнекті тұлғасы дүниеден өтті
Нұрбұлан Нұғыманұлы саналы ғұмырында ұлағатты ұстаз болып саналы шәкірт тәрбиелеп, сурет өнерінде Абай тұлғасын жете танытуға барын салған айтулы қылқалам шебері.
Суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Нұрбұлан Өтепбаев өмірден өтті. Бұл туралы Абай музейінің баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті.
«73 жасында қазақ сурет өнерінің көрнекті тұлғасы, суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жақын-жуығына қайғыра көңіл айтамыз.
Нұрбұлан Нұғыманұлы саналы ғұмырында ұлағатты ұстаз болып саналы шәкірт тәрбиелеп, сурет өнерінде Абай тұлғасын жете танытуға барын салған айтулы қылқалам шебері. Оның шығармашылық зертханасынан шыққан Құнанбай, Абай мен оның айналасына қатысты суреттер сериясын толтырған портреттері, қазақ даласының көрнісі бедерленген картиналары ел руханиятымен мәңгі жасары анық», - делінген хабарламада.