7524
Атырауда гараж маңынан 18 жастағы жігіттің денесі табылды
Атырауда гараж маңынан жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz azh.kz-ке сілтеме жасап
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, бүгін сағат 14:15 шамасында Сырым Датов көшесі бойында орналасқан гараж аумағынан 2006 жылы туған жігіттің мәйіті табылғанын хабарлады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.