«Рух берді»: Елдос Сметов жаттығу кезінде Төреғали Төреәлінің әндерін тыңдаған

Төреғали Төреәлі дзюдошыны күтіп алу үшін Ташкент сапарынан да бас тартқан.

«Рух берді»: Елдос Сметов жаттығу кезінде Төреғали Төреәлінің әндерін тыңдаған
Ашық дереккөзден алынған
633

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті қалай қолдағанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

“Ташкентке бармаған себебімді айтайын. Еліміз үшін тарихи сәт. Әрі ол менің досым. Алтын медальдан қанша жыл үміт үзбей дайындалып жүргеніне куәмін. Алматыда дайындықта жүргенде біраз уақыт бірге жүріп, сол арманы менің де арманым болып кетіп еді. Тіпті дұғамнан тастамай жүрдім. Ал алтынды қоржынымызға түсірген уақытта бізді дос еткен елімізге деген қызмет және осындай қуанышты барша қазаққа сыйласақ деген ниетіміз түзу екенін түсіндім”, – деп жазды әнші. 

Оның айтуынша, спортшыға өзі орындайтын әндер рух берген.

“Таразға жолда келе жатып, толғанып келдім. Халқы үшін өз өмірін, жылдарын сарп еткен нағыз азамат.Әлемді мойындатқан палуанымыздың қуанышы күллі қазақ бірлігінің көрсеткіші. Неге десеңіз "Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды" дейін. Қаншама халықтың қолдауы үлкен рөл атқарады. Енді мен де сол қазағымның қуанышына ат басын бұрып келдім. Бір қызығы, досым менің әндерімді тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді. Бәлкім, менің әндерім рух берген шығар", – деп жазды Төреғали. 

Серіктес жаңалықтары