1860
Парижде Алматы қалалық спорт басқарма басшысы қайтыс болды
Ерден Хайруллиннің кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды.
Басқарманың ақапаратынша, Ерден Хайруллин Париж қаласында іссапарда болған.
«Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен өмірден озуына байланысты отбасы мен туған, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Алдын ала мәлімет бойынша Ерден Рашидұлы жүрек жұмысының тоқтап қалуынан өмірден озған», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.