1372
Елімізге Президенттің шақыруымен Жапония премьер-министрі келеді
9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия мен Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Ақорданың мәліметінше 9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия мен Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді.
Ал 10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.