437
Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды
47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды.
Отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған 47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Сапбордпен келе жатқан ол тақтайшаға соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шекті: құтқарушылар төртеуін судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке орай, бір адам суға батып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды”, – деп жазды Ресейдің Төтенше жағдай министрілігі.