"Мені сатып кетті": Илон Маск ChatGPT-дің негізін қалаушыларды сотқа бермек

Маск 2015 жылы OpenAI құрылған кезде оның алғашқы инвесторы болған еді.

"Мені сатып кетті": Илон Маск ChatGPT-дің негізін қалаушыларды сотқа бермек
сурет: digitalbusiness.kz / forbes.com, U.S. Air Force
386

Илон Маск OpenAI компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді, деп жазды nytimes.com.

Илон Маск OpenAI және оның негізін қалаушыларға айып тағып, сотқа шағым түсірді, ChatGPT жасаушы компанияның пайдасын қоғам игілігінен жоғары қойды деп мәлімдеді.

Шағымға сәйкес, OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман және басқа айыпталушылар "Маскты саналы түрде алдап, оны жасанды интеллекттің экзистенциалды қауіптері туралы гуманитарлық алаңдаушылығын пайдаланып, сатып кетті".

Маск 2015 жылы OpenAI құрылған кезде оның алғашқы инвесторы болды. Ол Альтманмен бірге директорлар кеңесінің тең төрағасы болды, "ондаған миллион" доллар инвестициялап, OpenAI үшін жасанды интеллект саласындағы ең үздік зерттеуші ғалымдарды жұмысқа алған болатын.

Серіктес жаңалықтары