503
Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам 2 айдан бері табылмай жатыр
2 маусымда сағат 13.30 шамасында ер адам үйінен шығып, оралмаған.
Екі ай бұрын із-түзсіз кеткен ақмолалық Ерлан Мусин әлі күнге дейін табылмай жатыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам жоғалып кеткені туралы оның ата-анасы хабарлаған. Олардың сөзінше, 2 маусымда сағат 13.30 шамасында ер адам үйінен шығып, оралмаған. Оның туыстары бірнеше күн бойы өздері іздеген, нәтиже болмағаннан кейін полицияға хабарлаған.
Ер адамды іздеу жұмыстары тек Көкшетау бойынша емес, сондай-ақ көршілес аудандарда да жүргізілген. Арнайы іздеу топтары көршілес облыстардан да іздей бастаған.
Полиция департаменті ер адамды көргендер болса құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрады.