«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 850 білім грантын бөлді

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 17 тамыз.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 850 білім грантын бөлді
istockphoto.com
663

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады.

Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі.

Өтініш берушілерді таңдау критерийлері:

- ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан;

- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

- мүгедектігі бар;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

Үміткерлердің жасы 29 жастан аспауы керек. Білім беру гранты жеке болып табылады, аударылмайды және аккредиттелген университеттерде күндізгі бөлімде оқу үшін бір рет беріледі.
Мемлекеттік білім грантын алған тұлғалар «Қазақстан халқына» қорының грантына құжат тапсыра алмайды.  Грантты екінші дәрежелі немесе онлайн білім алу үшін пайдалануға болмайды.
Білім беру грантын беру өз қалауы бойынша және үлгермеуі бойынша оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің Бағдарламаға қатысушыларға тиесілігін растайтын дұрыс емес ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі -17 тамыз.

Бағдарлама туралы қосымша ақпарат веб-сайтта 
 https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/programs/18-charity-kk/203-qazaqstan_halqyna_grant_kz.html

Серіктес жаңалықтары