Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқы сыйлады (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқы сыйлады (ВИДЕО)
коллаж: Тurkystan.kz
709

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқы мінгізді.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы ресми парақшасында айтты.

«Өзім ауырып қалып, Елдосты дұрыс құттықтай амадым. Олимпиадаға кетіп бара жатқан кезде шай ішіп, әңгіме айтып, бата қылып едік. Сол кезде  үлкен ағаларым берген бір асыл тұқымды атымды бермекші болғам. Бірақ ол Шымкентке жетпей қойды. Сосын кеткеннен кейін өзіне «Жаңа бере алмай қалдым. Өзің де алтын ұлсың ғой. Бұйырса тұлпарың салым сала берсін, ал өзің алтын ала бер» деп жазып жібердім. Елдостың алтын жүлдесі құтты болсын, баршамызға! Қуаныштымыз!», - деді әнші

Серіктес жаңалықтары