СҚО-да 21 лауазымды тұлға жазаланды

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО-да 21 лауазымды тұлға жазаланды
istockphoto.com
1591

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорларымен мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалар жазаланды.

Мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесін талдау шеңберінде мемлекеттік органдар тарапынан көптеген бұзушылықтар анықталды.

Соттарға немқұрайды жеткізушілерге қатысты талап арыздарды уақтылы бермеу және соңғысын жосықсыз қатысушылар деп тану туралы заңды күшіне енген сот актілерін жібермеу фактілері анықталды.

Тапсырыс берушілердің әрекетсіздігі нәтижесінде 6 жосықсыз жеткізуші конкурстарға қатысу және келісім-шарттар жасау арқылы мемлекеттік сатып алу саласына қатысуды жалғастырған.

Заң бұзушылыққа жол бергені үшін қадағалау органының актісі бойынша 21 лауазымды адамды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары