513
Шекарада аяқ киімге арналған кремге героин жасырғандар ұсталды
Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.
Iрi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолы кесілді. Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар иісшіл итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.
Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы — 775 кг.
Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.