Семейде 13 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті
Полиция департаменті тұрғындардан 2010 жылы туған Турбаев Романды іздестіруге жәрдемдесуді сұрады.
Семейде кеше таңертең 13 жастағы бала жоғалып кетті. Жасөспірімді облыс аумағында және көршілес облыстардан да іздестіріп жатыр, деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, 31 шілдеде 2010 жылы туған Турбаев Роман Александровичті іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен. Полиция департаменті тұрғындардан 2010 жылы туған Турбаев Романды іздестіруге жәрдемдесуді сұрады.
«31 шілдеде Семей қаласы, 7 Омская көшесі, 3 үй мекен жайынан белгісіз бағытта шыққан және қазіргі уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың шашы ақшыл, көзі көк. Бойы: 160 см, арық денелі. Киген киімі: жасыл-көк футболка, қара трико, қара түсті жаздық аяқ киім (сланцы) киген», - делінген хабарламада.