Қарағандыда балаларға бассейнін салуға бөлінген 130 млн теңге жымқырылған

Күдікті ұсталып, оған қатысты сот «үй қамақа  алу» шарасын қолданды.

Қарағандыда балаларға бассейнін салуға бөлінген 130 млн теңге жымқырылған
ҚМА
459

Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеп жатыр.

Балалар спортын дамытуға бағытталғанәлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамақа  алу» шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары