10130
Астанада жоғалып кеткен кәсіпкердің денесі табылды
Елорда тұрғынының өліміне байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Астана қаласында жоғалып кеткен кәсіпкердің денесі Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағынан табылды.
Ақмола облысы ПД қызметінің ақпаратынша, елорда тұрғынының өліміне байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Істі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі», - деп түсіндірді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.