Полицейлер Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифтте қалып қойған баланы құтарып алды, деп хабарлады turkystan.kz.
"Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады. Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді", - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.