«Орденге лайықты емес екенімді мойындаймын»: Қыран Талапбек күтпеген мәлімдеме жасады

Белгілі мобилограф өзіне табысталған «Құрмет» ордені жайлы айтты.

«Орденге лайықты емес екенімді мойындаймын»: Қыран Талапбек күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Дәулет Мұқаевтың парақшасынан
766

Қыран Талапбек әлеуметтік желіде өзінің жақында алған марапаты жайлы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Әуелі Алла, одан кейін мені қолдаган әр жанға алғысым шексіз. Еңбегімізді бағалаған Мемлекет басшысына және жұмыс істеуімізге мүмкіндік берген әр адамға алғысым шексіз. (Атын айтпасам да біледі). Бірден айтайын: бұл орденге лайыкты емес екенімді мойындаймын. Бұл менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып журген 30 000 жас мобилограф мамандардың ордені. Бұл - менің емес, ез арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені. Құттықтап қолдаған әр жанға рахмет! «Лайық емес» деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан орден өз иесін тапты. Орденді мен үшін ең лайықты кісі бола білген әкеме бердім», - деп жазды танымал мобилограф.

Серіктес жаңалықтары