Ирландия тұңғыш рет ДНҚ тест қорытындысына қарап азаматтық берді, бұл туралы ВВС жазды.
АҚШ-та кішкентай кезінде белгісіз біреулер монастырьге тастап кеткен азамат 60 жылдан кейін ДНҚ тестінің арқасында ирландиялық екенін анықтаған.
Ол өзінің шыққан тегін білмеген, монастрьде өскен. Бірақ 60 жыл өткен соң ДНҚ-тест нәтижесінде оның 100% ирландиялық екені анықталды.
Ирландия оған алғаш рет ДНҚ-тест негізінде паспорт берді, енді ол ЕО азаматтығын алып, туыстарын тапты.