Қырғыз елінде биометриялық паспорт енгізілмек

Қырғыз елінде биометриялық паспорт енгізілмек

Қырғыз елінде биометриялық паспорт енгізілмек
ашық дереккөзі
Қырғызстан үкіметі елде биометриялық паспорт енгізуді көздеп отыр, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, жаңа төлқұжатты енгізу жұмыстары биыл көктемде басталады. Өйткені заңсыз мигранттардан бастап халықаралық экстремистерге дейін жалған құжат жасаумен айналысқан. Алғашында азаматтық төлқұжаттарды берумен елдің ішкі істер министрлігі айналысқан. Алайда үкімет шешімімен бұл іс жаңа құрылған мемлекеттік тіркеу қызметіне тапсырылды. Жаңа мекеме болса, құжаттарды тиісті қорғаныспен қамтамасыз етудің орнына паспорттарды шығаруға байланысты дау туғызған тендерлерімен есте қалды. Ал осы салада бүкіл елдер қабылдаған халықаралық стандарт бар. «Бүкіл құжаттардың белгіленген жарамдық мерзімі болуы тиіс. Мысалға, бүгін Ұлттық банк айналымға жаңа банкнот шығарды. Бұл – жалған ақша жасау мүмкіндігін кемітуге бағытталған шара. Ал бізде паспорт соңғы 12 жылда жаңартылған жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе осындай құжаттарды әр 5-6 жыл жаңарту қажеттігін көрсетіп отыр», – дейді ҚР мемлекеттік тіркеу қызметі төрағасының орынбасары Дастан Догоев. Қырғыздық төлқұжаттарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін мемлекеттік тіркеу қызметі биылғы көктемнен бастап жаңа үлгідегі паспорттарды бере бастайды. ID карта арнайы белгілермен қорғалып, азаматтың биометриялық мәліметі жазылған электрондық чиппен қамтылады. Сондай-ақ кәдімгі ақпаратпен қатар жүргізуші куәлігінің бар-жоқтығы және медициналық карта туралы мәлімет енгізіледі. Мемлекеттік тіркеу қызметі өкілдерінің хабарлауынша, күніне 13 мыңға дейін биометриялық паспорт беру көзделіп отыр.