Арман Шораевқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны белгілі болды

Екі жақтың бір келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Арман Шораевқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны белгілі болды
Арман Шораев. Фото: әлеуметтік желі
473

Маусым айында желіде қоғам қайраткері Арман Шораевтың әйелді соққыға жыққан видеосы тараған еді.  1 айдан кейін Шораевқа қатысты қылмыстық істің тоқтағаны белгілі болды. Бұл туралы журналист Михаил Козачковтің Telegram-арнасы хабарлады.

Екі жақтың бір келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды, - делінген хабарламада

Еске салсақ, қоғам белсендісі Арман Шораевтың Астана көшелерінің бірінде азаматтық некедегі әйелін ұрып-соққан видеосы тараған болатын. Алайда Шораевтың өзі бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарған еді.

Серіктес жаңалықтары