«Жасанды интеллект құрбанымын»: Әйелді шашынан сүйреді деп айыпталған Арман Шораев мәлімдеме жасады

Бірге тұратын әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салу фактісі бойынша Аарман Шораевқа қатысты қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жасанды интеллект құрбанымын»: Әйелді шашынан сүйреді деп айыпталған Арман Шораев мәлімдеме жасады
коллаж: Тurkystan.kz
855

Күні кеше әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның әйелді соққыға жыққан видео тарады.

Кадрларда әйелді шашынан сүйреп, жұдырықпен ұрып, жерге лақтырып жібергенін түсіріп алған.

Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, видеоға белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев пен оның азаматтық некедегі әйелі түсіп қалған.

Ал Арман Шораевтың өзі әйелін ұрмағанын айтып, видеода басқа адам екенін хабарлады. Сонымен қатар ол Михаил Козачковты сотқа беретінін атап өтті.

Аталмыш фактіге қатысты Астана қаласы Полиция департаменті пікір білдірді.

«Бірге тұратын әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салу фактісі бойынша А.Ш. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті экспертизалар тағайындалды», - делінген Астан қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

 

Серіктес жаңалықтары