Алматы-Екатеринбург жолындағы апатта үш адам зардап шекті

Оларға жедел көмек көрсетілді

Алматы-Екатеринбург жолындағы апатта үш адам зардап шекті
ТЖМ
488

ТЖМ апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы «Алматы-Екатеринбург» автожолында болған жол-көлік оқиғасына көмекке шықты. Онда жеңіл автокөлік бағанаға соғылды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылар зардап шеккен үш адамға, оның ішінде бір балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендердің екеуі ауруханаға жеткізіліп, біреуі ауруханаға барудан бас тартты, – деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары