482
Түркістан облысында 9 жыл бойы іздеуде болған ер адам ұсталды
Оның 2015 жылдан бері қарумен ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды.
Түркістан облысында 9 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды.
«Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады. Осылайша, полицейлер Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтердің бірінде іздеуде жүрген 35 жастағы қылмыскерді ұстады», - деп мәлімдеді полиция.
Оның 2015 жылдан бері қарумен ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды. Ер адам қазір қамауда отыр. Тергеу барысында күдіктінің қылмысқа қатысы толық дәлелденіп, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.