Әнші Арман Қоңыр желі қолданушыларына өтініш айтты

Өнер иесі Айсапар Әбдірахман есімді азаматтың жағдайына алаңдаушылық білдірген.

Әнші Арман Қоңыр желі қолданушыларына өтініш айтты
видеодан алынған скрин
593

Әлеуметтік желіде Арман Қоңыр Айсапар Әбдірахманға бүйрегін ауыстыру үшін 50 миллион теңге қажет екенін жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Ассалаумағалейкум құрметті Қазақ елі, құрметті бауырлар! Сіздерге үлкен өтінішпен шығып отырмыз. Айсапар қарындасымыз қазір қиындықпен сыналып жатыр екен. Сол сынақтан өтуіне сіз болып, біз болып көмектесіп, қол ұшын созып жіберсек деген ниеттеміз. Дертті беруші Алла, шипасын да беруші Алла! Біз соған себепкер болып қолдан келгенше көмектесіп, дұға жасап барынша атсалысайық! Бұндай сынақты ешқайсыңызға бермесін! Тым болмағанда осы видеоны таратып көпшіліктің көруіне себепкер болуыңызды өтінемін!", – деп жазды әнші. 

Серіктес жаңалықтары