Ақтөбе облысында бензин құйып жатып күйіп қалған екі жұмысшының біреуі көз жұмды

/
Ақтөбе облысында бензин құйып жатып күйіп қалған екі жұмысшының біреуі көз жұмды
Фото: Pixabay.com

Ақтөбе облысындағы шойын жолда бензин құйғанда күйіп қалған екі жұмысшының біреуі қайтыс болды. Денесінің сексен бес пайызын күйік шалған жұмысшыны аман алып қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға осыдан осыдан он күн бұрын Шалқар ауданындағы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қарасты орман алқабында болған еді. Екі жұмысшы жанармай құйып жатқанда от тұтанған. Лап еткен жалыннан жұмысшылар өртене бастайды. Бірінің денесінің 85 пайызын, екіншісінің 40 пайызын күйік шалған.

Алғашқыда екеуі Шалқардағы аудандық ауруханада үш күн жатты. Одан соң облыс орталығына жеткізілген. Күйік жарақатын емдейтін дәрігерлер Астанадан келіп ем-домын жасағанымен, біреуін аман алып қала алмады. Екіншісін өздерімен бірге санавиация көмегімен Астанаға жеткізген.

"Денесі қырық пайыз күйік шалған науқасты Астана қаласына жібердік. Сол жақта емін жалғастыруда. Өкінішке қарай, екінші, денесінің сексен бес процентін күйік шалған науқас о дүниелік болып кетті", - дейді Ақтөбе қаласы №1 көп салалы ауруханасының дәрігері Нұрлан Әбішев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары