«Бетті жабу шариғаттың бұйрығы емес»: Нұрлан имам қара жамылатындар жайлы айтты

Оның айтуынша, тұмшаланып, қара жамылу дінімізде және салтымызда жоқ.

«Бетті жабу шариғаттың бұйрығы емес»: Нұрлан имам қара жамылатындар жайлы айтты
ютуб/скриншот
671

Әлеуметтік желілерде өте танымал Нұрлан имам «бетін жауып, қара жамылатындарға» қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, қара жамылу дінімізде де, салтымызда да жоқ.

«Біздің бүгінгі таңға, ұлтымызға, санымызға, салтымызға, дәстүрімізге, үрдісімізге қарсы болған қара жамылу, бетіне дейін қара жабу, қара киім киіну, көзінің тілігін ғана қалдырып, қалған жерін қара қылып киіну біздің еліміздің өткеніне де, келешегімізге де сыймаған дәстүр екенін білуіміз керек. Құдайға деген сенім-тақуалығымыз көзіне дейін тұмшалаумен өлшенбейді. Отбасына дұрыс тәрбие беріп, адал жар болып, қолынан келгенше қызметте болып, Отанына адал болу нағыз құдайға берілгендікті білдіреді. Сол үшін біз осыны нәрсемен мемлекетіміз болып, зиялы қауым, жастар болып, қарсы тұруымыз керек. Өйткені бетін жабу не шариғаттың бұйрығы емес, не ата-бабамыздың дәстүрі емес. Ал енді қара киімге келетін болсақ, жалпы біздің салтымызда қара жамылу қайғының, уайымның, мұңның, зардың іспетін білдіреді»,- деді ол.

Серіктес жаңалықтары