23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

23 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Iistockphoto.com
338

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысымның әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел тұрады. 

Ал солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады. 

Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылайды.

Астанада бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз + 29...+31°C.

Алматыда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел екпіні 15 м/с дейін, түнде температура + 19...+21°C, күндіз + 32...+34°C.

Шымкентте ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с дейін, ауа температурасы түнде + 19...+21°C, күндіз + 33...+35°C.

Серіктес жаңалықтары