Теннис: Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.

Теннис: Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады
Сурет: ҚТФ
367

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандықтардың орны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 24-тен 25-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 135-тен 132-ге, Денис Евсеев 160-тан 153-ке көтерілді.

Өткен аптада Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 223-тен бірден 38 сатыға жоғарылап, 185-ші орынға жайғасты. Дмитрий Попко 186-дан 187-ге төмендеді.

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 54-ке түссе, А.Бублик – 131, Андрей Голубев 148-орнын сақтап қалды.

Серіктес жаңалықтары