Ақтауда 18 жастағы сарбаз жоғалып кетті

Ол 21 шілде күні сағат 18.00-ге дейін оралмаған.

Ақтауда 18 жастағы сарбаз жоғалып кетті
lada.kz
450

Ақтаудадағы әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз Нұрлыжан Пусерманов із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап. 

«№6656 әскери бөлімнің қатардағы мерзімді қызметінің әскери қызметшісі кеше, 21 шілдеде, сағат 18.00-ге дейін оралмады», - делінген ақпаратта.

Сарбаз орта денелі, қара, қысқа шашты. Камуфляж киген.

Сарбазды көргендер мына нөмірлерге хабарласуды сұраймыз: 8 778 930 3231, 8 700 911 72 92 немесе 102.

Серіктес жаңалықтары