Nestlé 15 жыл бойы кәріз суын "табиғи минералды су" деп сатқан – Mediapart зерттеуі

15 жыл ішінде алаяқтық көлемі 3 миллиард еуродан асқан.

Nestlé 15 жыл бойы кәріз суын "табиғи минералды су" деп сатқан – Mediapart зерттеуі
сурет: istockphoto.com
485

Nestlé компаниясы 15 жыл бойы канализация суын "табиғи минералды су" деп сатқан. Mediapart зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келді. Бұл туралы lavenir.net жазды. 

18 шілдеде Mediapart Nestlé компаниясының алаяқтығы туралы жаңа тергеу есебінің нәтижесін алды.

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Nestlé компаниясы суды тыйым салынған әдістермен тазартқан, бірақ оны "таза" және "өңделмеген" деп жарнамалаған. 

Барлығы 2020 жылғы қарашада табиғи минералды су ретінде сатылатын судың дұрыс тазартылмағаны туралы елдің Бәсекелестік, тұтыну және алаяқтықтың алдын алу басқармасына хабарлаған кезде басталған. Бұл ескерту ден соң DGCCRF Ұлттық тергеу қызметінің алғашқы есебін жүргізді, ал екінші Әлеуметтік мәселелер бойынша бас инспекциясы (Igas) тексерді, деп хабарлайды Médiapart.

2005 жылдан бастап корпорация 18 миллиардтан астам бөтелке су сатқан, оның сапасы кәдімгі кәріз суының сапасымен тең. Бірақ бағасы жүз есе қымбат болған. 15 жыл ішінде алаяқтық көлемі 3 миллиард еуродан асқан.

Серіктес жаңалықтары