Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
istockphoto.com
328

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 19 шілдеде «Қалқаман-Керней» жол бағытымен келе жатқан «TOYOTA ALPHARD» жүргізушісі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып, «CHERY TIGGO 2PRO» көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Көліктер айып тұрағына қойылды. Полиция ЖКО бойынша тексеріс ашты.

Серіктес жаңалықтары