Қайрат Нұртас қамаудан шыққаннан кейін қайда концерт беретіні мәлім болды

Әнші қамаудан босап шыққаннан кейін Теміртауға барады.

Қайрат Нұртас қамаудан шыққаннан кейін қайда концерт беретіні мәлім болды
instagram
501

Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған әнші Нұртас жақын күндері қамаудан босатылады.  Өнер иесінің алғашқы концерті де қай қалада өтетіні белгілі болды.

«Вечерняя Караганда» мәліметінше, әнші қамаудан босап шыққаннан кейін Теміртауға барады.

«Қайрат Нұртас бостандыққа шыққаннан кейін Теміртау қаласында өнер көрсетеді. Оны «Кармет» компаниясы Металлургтер күніне арналған гала-концертке шақырды. Іс-шара осы жексенбіде Астана алаңында сағат 18:00-де өтеді. Кіруі тегін», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары