Жазира Байырбекова cабырлығының сырын айтты

Әнші өзін сабырлы көрсететін қасиеттері жайлы сөз етті.

Жазира Байырбекова cабырлығының сырын айтты
Сурет: zhazira_bairbekova
379

Өнер адамы Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде айналасына жағымсыз әсер қалдыратын адамдардан алыс жүретінін айтты, деп жазды turkystan.kz.

“Сабырлығымның сырын сұрайтындар көп. Өмірдің уақытша екенін ұмытпау. Тіпті күйеуім де, ұлым да, қызым да, әркімнің жақсы көруі, құрметтеуі, қамқорлығы өз қалауымен болса болғаны жақсы, болмаса мәжбүрлемеу. Ешкім маған ештеңе міндетті емес екенін білу. Жамандар жаман болайын демейді, жай болмысы солай. Ешкімге пайдасы жоқ адамдар миына, жүрегіне мейірім салмағаннан. Адамның миына идеяларды Алла тағалам салады. Бір адамның ұнамайтын қасиетін көргенде сол адамның бойынан жақсы қасиетті іздеп табу. Жақсы қасиеті жоқ, негативтерімен шаршататын адамнан (туысым болса да) алыс жүру”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол кей қасиеттері денсаулығына зиян екенін де айтып қалды.

“Мені алдаған, маған қиянат жасағысы келетін, мені сыртымнан жамандап сөгетін адамдарды Аллаға тапсыру. Кез келген жетістікті, жақсылықты, несібені өзімнің өнерім, өзімнің еңбегім демей, Алланың беріп жатқаны деп сезіну. Біреу баладан, біреу күйеуден, біреу бауырдан, біреу қайын жұрттан, біреу достарынан, біреу қызметінен бақыт көреді. Адам өмірінде барлығы идеал болмайтынын түсіну. Шүкір ету. Мені сабырлы ететін осы ойларым шығар. Бірақ мамандардың айтуынша, менің кей ұстанымдарым денсаулығыма зиян екен. Бәрін кешіріп, бәрін ақтап алып жүре бермей, арасында ұрсып, ренжитін жағдайда ренжіп, айтып тастауым керек екен”, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары