Танымал продюсер, актер Нұртас Адамбай бірнеше елдің Президентінен және әнші Андрей Макаревич, депутат Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.
Кешірім сұраған Президенттер арасында: Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және Қазақстанның қәзіргі мен экс-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев.
Өнер иесі аталған тұлғалардың барлығын кезінде айыптап, сынағаны үшін өкінетінін жазған. Сондай-ақ саясаткерлерден кешірім сұрап, олардың елі үшін жасап келе жатқан қызметіне алғысын айтты.