«Әлі бітпеген ісім бар»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Сондай-ақ Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына ресми хат жолдаған.

«Әлі бітпеген ісім бар»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram
752

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп қалғаннан кейін жаңа мәлімдеме жасады.. Спортшы орта салмақта жұдырықтасуды жалғастыра беретінін мәлімдед, деп хабарлады turkystan.kz.

Қолдауларыңызға рақмет! Қазір мен жақсымын. Маған қайта қалпыма келу үшін бірнеше апта керек, сосын ораламын! Ең маңызды жаңалық: орта салмақта менің әлі бітпеген ісім бар, - деп жазды боксшы. 

Сондай-ақ Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына ресми хат жолдаған. WBO спортшыдан он күн ішінде медициналық құжаттарды әкелуді талап етті.

«Жәнібектің командасы алдағы он күн ішінде оның жағдайы туралы егжей-тегжейлі медициналық түсініктеме әкелуі керек. Сондай-ақ боксшы қашан жазылатыны туралы болжам, медициналық қорытындылар және Жәнібек қашан медициналық көрсеткіштер бойынша жарыстарға қатысуға және жаттығуларға оралуға жіберілетіні туралы дәрігердің пікірі ұсынылуы керек. Бұл бұйрықты орындамау Әлімханұлының осы келісім бойынша барлық құқықтардан бас тартуына әкеледі және комитет WBO ережелеріне сәйкес әрекет етеді», - делінген ұйымның ресми хатында.

Серіктес жаңалықтары