Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Желіде куәгерлердің оқиға орнында түсірген видеосы тарады.
Полиция департаментінің алдын-ала мәліметі бойынша, 9 адам зардап шеккен.
Telegram-дағы арналардың бірінде жол апаты Алматының Шаляпин және Әшімов көшесі қиылысы бойында болғаны хабарланды. аталмыш фактіге қатысты Алматы қалалық полиция департаментіні түсінік берді.
«Бұл жол-көлік оқиғасы Наурызбай ауданында сағат 09:15-те болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, аялдамада тұрған № 137 бағыттағы жолаушылар автобусына соқтығысты. Автобус инерциямен жолдың шығыс бетіне шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған. Алдын-ала мәлімет бойынша, 9 адам зардап шекті», - делінген хабарламада.
Полиция департаменті өкілдері жол-көлік оқиғасының басқа да себеп-салдарын анықтап жатқанын мәлімдеді.