Әнші Нұрболат Абдуллин халықтың сынына ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин "Mи Lion education" орталығының 5 жылдық түлектер кездесуінде сахнада ән айтып, бірнеше қызды вальске шақырған.
Әнші қыздармен алма-кезек вальс билеген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әншінің жас қыздармен билегеніне адамдар әзіл-шыны аралас түрлі пікір білдіріп жатыр.
"Бүгін көлікте ұйықтайсыз-ау", "Абайлаш, құрсын белден ұстаған үшін 3 тәулік болып жүрмесін", "Бүгін билеп алыңыз, ертең кешірім сұрап тұрған видео күтеміз", "Сұлтан Сүлеймен боп тұрсыз" деген оқырмандарға әншінің топ қыздың алдында өнер көрсеткені қызық болған сияқты.