Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында үздік атанды

Байқау 2024 жылдың 14 шілдесінде өтті.

Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында үздік атанды
Ерназар Жұбан. Фото: news.belta.by
662

«Славян базары Витебск-2024» фестивальінде «Витебск-2024» эстрадалық әннің жас орындаушылары арасында қазақстандық Ерназар Жұбан бірінші орын иеленді.

Байқау 2024 жылдың 14 шілдесінде өтті.

«Белта» басылымының ақпаратынша, Жұбан «Подберу музыку» композициясын орындап, көрермендер мен қазылар алқасын өз өнерімен баурап алды. Оған мүмкін болған 70 ұпайдың 69-ы берілді.

Нәтижесінде екі номинация бойынша үздік ұпайды екі қатысушы – Ерназар Жұбан мен молдавалық Каролина Балан жинады – 133 баллдан (69 + 64 және 67 + 66).

Серіктес жаңалықтары