409
Ақмола облысында бірнеше тонна шөп өртеніп кетті
Оқиға Біржан сал ауданында болған.
Ақмола облысында кеше, 14 шілдеде түнде жеке тұрғын үйдің аумағында үш тонна шөп өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, оқиға Біржан сал ауданында болған.
15 шілдеге қараған түні Ақмола облысының Біржан сал ауданы Заураловка ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында 3 тонна шөп жанды.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралмады. Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, оқиға себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.