1087
Риддер экс-әкімінің ұсталғанына қатысты ресми ақпарат жоқ – әкімдік
Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады
Журналистердің сауалдарына орай Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде құқық қорғау органдарының азамат Д.Батырбаевты ұстағандығы туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Аталған азамат 3 ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін еске саламыз. Яғни, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Д.Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметкер емес”, делінген әкімдіктің ресми ақпаратында.
Сондай-ақ Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қандайда бір қылмыстық істер тіркелмегенін қосымша хабарлайтындарын атап өткен.