Кеш ұйықтайтындар ерте тұратындарға қарағанда ақылдырақ – зерттеу

Зерттеуге қатысқандар өздерінің интеллектін, ойлау қабілетін, реакция уақытын және жадын тексеретін тесттерден өтті.

Кеш ұйықтайтындар ерте тұратындарға қарағанда ақылдырақ – зерттеу
сурет: istockphoto.com
943

Кеш ұйықтайтындар ерте тұратындарға қарағанда ақылдырақ. Себебі кешке белсенді және сергек болатындар когнитивтік тесттерде жақсырақ нәтиже көрсететін көрінеді. Бұл туралы independent.co.uk жазды.

Imperial College London университетінің ғалымдары Ұлыбританияның Биобанк зерттеуіне қатысатын мыңдаған адамдардың деректерін зерттеп, ұйқы ұзақтығы, сапасы және хронотип арасындағы «күрделі қатынастарды» талдады – зерттеуде хронотип «таңғы», «кешкі» немесе «аралық» деп жіктелген – яғни адам екі топтың ешқайсысына да нақты жатпайды.

Зерттеуге қатысқандар өздерінің интеллектін, ойлау қабілетін, реакция уақытын және жадын тексеретін тесттерден өтті.

Кеш жатып, түнде белсенді болатын адамдардың когнитивтік функциялары жоғары. Интеллект, ойлау және жады бойынша тесттер осындай нәтиже көрсетті. Ал ерте тұратындардың нәтижесі ең төмен, - деген қорытындыға келді британдық ғалымдар.

Серіктес жаңалықтары